• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2020

Төтенше жағдай мамандары рейд жүргізді

197 рет
көрсетілді

Өскемен – Риддер – Алтай ауданы – Катонқарағай ауданы бағытында рейд жүргізді.

Еліміздегі тасқын қаупі зор өңірлердің бірі – Шығыс Қазақстан. Осы ретте жақында Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары Марат Күлдіков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары Д.Титов, азаматтық қорғаныс саласындағы апаттың алдын алу және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Алексей Штыкель, сондай-ақ «Казгидромет» өкілдерімен бірге «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның «Eurocopter» тікұшағына мініп, Өскемен – Риддер – Алтай ауданы – Катонқарағай ауданы бағытында рейд жүргізді.

Рейд барысында құзырлы органдардың өкілдері Алтай ауданындағы Малеевка, Зубовка, Путинцево, Богатырево, Быково, сондай-ақ Катонқарағай ауданындағы Сенное, Коробиха, Барлық, Катонқарағай сынды елді мекендер орналасқан Үлбі, Громотуха, Тұрғысын және Бұқтырма сияқты өзендеріндегі ахуалды тексерді. «Тексеріс барысында таулы аймақтарда қар еру үдерісінің жылдамдағанын байқадық. Бұл әсіресе, Риддер мен Катонқарағай аудандарына қатысты. Дегенмен әзірге алаңдауға еш негіз жоқ. Жағдай жіті бақылауда» дейді М.Күлдіков. Белгілі болғандай, мамандар өңірдің Ертіс және Бұқтырма сияқты өзендерінде мұз жару жұмыстарын бастап кетіпті. Мәселен, Семей қаласы мен Алтай, Шемонайха және Бородулиха аудандарының аумағында қолға алынған осындай іс-шаралар нәтижесінде жалпы аумағы 70 мың шаршы метрге жететін мұз жойылған.

Шығыс Қазақстан облысы