• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2020

Таразда төтенше жағдай режиміне қарамастан 176 нысан жұмыс істеген

604 рет
көрсетілді

Елімізде орын алып отырған соңғы жағдайлар бойынша бүгінде Тараз қаласындағы ірі сауда нысандарының жұмыс істеу уақытына бірқатар шектеулер енгізілген болатын. Ірі сауда орындары үшін сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, ал киім-кешек базарлары үшін 11.00-ден 17.00-ге дейін шектеу енгізілді. Дәмхана мен мейрамханаларға келушілердің саны 50 адамнан аспауы тиіс және келушілерді қабылдау 22.00-ге дейін жалғасады.

Бүгінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше тәртібіне ауыстырылды. Сондай-ақ, жамбылдық полицейлер рейдке шығып, шектеудің орындалуын тексерді.

«Кешкі-түнгі рейд барысында біздің қызметкерлер облыстың 413 мекемесіне барды. Олардың 176-сы енгізілген төтенше жағдай режиміне қарамастан өз жұмысын жалғастырған. Аталған мекемелердің әкімшілігімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оның барысында Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының талаптары таныстырылды», дейді Жамбыл облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Темірбек Оразымбетов.   

Полиция департаменті мамандарының хабарлауынша, тексеру барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының кафе-барларының бірінің әкімшілігіне қатысты әкімшілік хаттама толтырған. Себебі, онда түнгі  сағат 22.00-ден кейін де 50-ден астам адам болған.

Жамбыл облысы