• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Наурыз, 2020

Қазақстандықтарға білім беру интернет-ресурстарына тегін кіруге мүмкіндік беріледі

364 рет
көрсетілді

Білім беру сайттарын тегін пайдалануға болады. Ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари, Цифрлық даму вице-министрі Дарын Тұяқов, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Astel» АҚ сияқты байланыс операторларының басшылары қол қойды.

Жақын арада аталған байланыс операторлары колледждер мен ЖОО-ға қашықтан оқыту кезінде пайдаланылатын білім беру ресурстарына тегін кіруге мүмкіндік беретін тарифтік жоспарлар әзірлейді (қазіргі қолданыстағы талаптар өзгертіледі). Яғни, бұл сайттарды пайдаланған кезде абоненттердің интернеттрафиктері (мегабайттары) есептелмейді.

Төтенше жағдайды жариялау кезеңінде білім беру мекемелері (ЖОО мен колледждер) қашықтан оқытуға көшуіне байланысты бұл шараның маңызы зор. Қазақстандықтар ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған білім беру ресурстарына еркін кіре алады. Бұл тізбе мен интернетресурстардың тізімі кейін ұлғайтылып отырады. Аталған ресурстарға кіру үшін пайдаланушының шотында баланс болуы керек. Білім беру ресурстарына тегін қол жеткізу туралы ақпарат байланыс операторларының сайттарында орналастырылады. ТЖ режимі кезеңінде тегін пайдалануға ұсынылған білім беру интернет-ресурстары төмендегідей:

АИС «SOVA.WS» - http://sova.ws SMART community - http://smartedu.kz SMARTNATION - http://snation.kz College.Snation http://college.snation.kz BilimLand https://bilimland.kz/ruАИС Білімал http://college.bilimal.kz/ Paragraph Bilim - http://base.blm.kz Kundelik.kz - https://portal.kundelik.kz/ АИС «Platonus» - http://platonus.kz BilimAl.kz https://www.bilimal.kz/ DALES - http://college.ektu.kz Mektep.edu.kz - https://mektep.edu.kz I-mektep.kz - https://i-mektep.kz/ Daryn.Online https://daryn.online/ АИС "CollegeSmart Nation -https://college.snation.kz/ АИС Сириус http://somniumllp.com/project-sirius/ АИС Универ https://univer.kstu.kz/ ИС Деканат https://www.mmis.ru ИС ПГУ http://psu.kz/ Электронный ректорат http://nkzu.kz EUniver http://euniver.vkgu.kz/ ИС ВКГТУ https://www.ektu.kz/ МУИТ https://www.iitu.kz/ Uninet http://uninet.kz/

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері тізімдегі интернет-ресурстардың қатары болашақта толықтырыла түсетінін мәлімдеді.