Жамбыл облысында полицейлер бейіт қоршауын ұрлағандарды ұстады. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Талас аудандық полиция бөліміне аудан орталығы Қаратау қаласының 38 жастағы тұрғыны әлдекімдердің туыстарының бейітіндегі шойын қоршауларды бұзып, ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған.
Аудандық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 19 және 25 жастағы Қаратау қаласының тұрғындары анықталды. Оның біреуі бұрын жерлеу бюросында жұмыс істеген.
«Күдіктілер зиратқа барғанда бірінші кездескен шойын қоршауды бұзып, бөлшектеп қол арбамен алып кеткен. Металл бөлшектерін сатқан ақшаны сол күні жаратып, жеңіл қаржыға дәніккен олар оқиға орнына қайта келіп, вандалдық әрекеттерін жалғастырған. Тергеу жұмыстары барысында күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмастарға қатыстылығы анықталды. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Аталған дерекке қатысты қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 2-бөлімі, 1-тармақшасымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», делінген Жамбыл облыстық полиция департаменті берген ақпаратта.
Жамбыл облысы