• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Наурыз, 2020

Елімізде күн сайын 360 мың маска өндіріледі

173 рет
көрсетілді

Медициналық маскалардың тапшылығын болдырмас үшін Үкімет тарапынан тиісті шаралар қабылдануда. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен онлайн-брифинг кезінде Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Егер бүгінде елімізде күн сайын 360 мың маска өндірілсе, оның 171 мыңы көп рет пайдалануға арналған, жақын арада олардың санын 1 млн-ға дейін арттыру міндеті тұр, ̶  деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Сонымен қатар, Е.Тоғжанов қазіргі қиындықтарға қарамастан, мемлекет қазақстандықтарды әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша барлық міндеттемелерді орындайтынын айтты.

 ̶ Біз сіздерді мемлекет қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен және қолдаумен қарауға шақырамыз. Құқық қорғау органдарының, медиктердің және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің жұмысына түсіністік танытуды және жәрдем көрсетуді сұраймын. Мұның бәрі ортақ игілік, жақындарымыздың амандығы және елімізде әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін жасалып жатыр. Елбасы, Мемлекет басшысы және Үкімет Қазақстан халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін жұмсауда. Дегенмен, ортақ күш-жігеріміз арқылы ғана біз барлық қиындықтарды еңсере аламыз! Біздің табысымыз бен ұлт денсаулығы әрқайсымызға байланысты, ал бүгінде біздің ұйымшыл болуымыз аса қажет, ̶ деді ол.

Сонымен қатар, онлайн-брифинг барысында шетелде жүрген 5 мыңнан астам қазақстандық туристерді елге қайтару керектігі айтылды.

 ̶ Бүкіл әлем бойынша рейстердің ауқымды қысқаруы жағдайында оларды чартерлік рейстермен елге қайтару бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Осы жылдың 23 наурызына дейін 4 мыңнан астам қазақстандық туристті елге қайтару бойынша 18 рейс жоспарланған. Қалғандары кейінірек жеткізіледі,  ̶  деді Е.Тоғжанов.