Еліміздегі санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау, инфекцияның қаупін азайту туралы жедел ақпаратты Smart Astana мобильді қосымшасынан білуге болады. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram каналында мәлімдеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Бүгінгі таңда елімізде коронавируспен тіркеудің 49 жағдайы расталды, оның 22-сі Алматыда, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы 2 адам Қарағандыда тіркелдi. Осы коронавирус туралы және басқа да ақпаратты кез келген адам Smart Astana мобильді қосымшасынан ала алады. Еліміздің өңірлері, санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау, инфекцияның қаупін азайту туралы жедел ақпараттарды, ақпараттық бейнелер мен инфографиканы - осының бәрін үйден шықпай-ақ табуға болады», дейді Малика Бектұрова.
Сонымен қатар, қосымшада Денсаулық сақтау Министрлігінің -1406 сенім телефонына, сондай-ақ төтенше жағдайлар бойынша 119 сенім телефонына сілтеме көрсетілген.