• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Наурыз, 2020

Қарағанды жастар қайырымдылық шарасына жұмылды

668 рет
көрсетілді

Қарағанды жастары Волонтер жылы аясында Nur Otan партиясының және Қарағанды облысы әкімдігінің, «Saryarqa jastary» облыстық волонтерлер штабының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «BIZ BIRGEMIZ» әлеуметтік көмек көрсету акциясына жұмылды.

«Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған қоғам бөлігіне көмек қолын созу, қиын-қыстау кезеңде де адамдық пен адалдық, мейірімділік пен ізгілікті насихаттау», дейді ұйымдастырушылар.

 Аталмыш көмек әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға, қарттарға, соғыс ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетіледі. Сондай-ақ акция аясында волонтерлер азық-түлік таратумен шектеліп қоймай, қарттарға дәрі-дәрмек, тұрмыстық қажеттіліктерін жеткізуге дайын.