• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 20 Наурыз, 2020

Мемлекеттік қызметкерлер «үрей терапиясынан» өтті

398 рет
көрсетілді

Жемқорлықты болдырмау, сонымен қоса мемлекеттік қызметшілер арасында адамгершілік қағидаларын қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтің түрлі салаларының басшыларын бас бостандығынан айыру органдарына апарды.

Шара аясында мемлекеттік органдардың басшылары, аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ түрлі деңгейдегі әкімдіктердің басқарма және аппарат бөлімдерінің басшылары түзету мекемелеріне барды.

Бүгінгі таңда 3 749 мемлекеттік қызметші жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «үрей терапиясынан» өтті.

Мемлекеттік қызметшілерді алдын ала қамау, бас бостандығынан айыру орындарына апаруға арналған «үрей терапиясын» жүйелі түрде қолдану ерекше әсер қалдыратынын, олардың жемқорлық туралы ойдың өзінен бас тартып, жемқорлық әрекетін жасаған жағдайда қандай салдарға тап болатындығы туралы түсінуіне және сезінуіне мүмкіндік беретінін атап өту қажет.

Ұйымдастырушылар шара барысында түзету мекемелерінің қызметкерлері қамаудағы жандардың күнделікті өмірі мен жағдайын боямасыз көрсетті. Оларды тергеу кабинеттері, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған қылмыскерлерге арналған камералар, серуендейтін орындар, қамаудағылар тамақтанып, ұйықтайтын және спортпен шұғылданатын орындарымен таныстырды.

«Түзету мекемелеріне барғандардың барлығы өздері көрген көріністен қатты үрейленіп, ғимараттан шыққан соң шын мәнінде оның фильмдерден көрген жағдайдан басқаша екенін жеткізді.

Түзету мекемелерінің ішінде ескерту серуендері қылмыстық жауапкершілікке тартылған шенеунік әрістестерді ерекше таңғалдырғанын атап өткен жөн. Тұтқындардың өмірімен ішінен танысқан мемлекеттік қызметшілер заңға деген көзқарастарын түбегейлі өзгертті.

Біздің мақсат – мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық қылмыстарының салдарын көрсету, қамауда отырғандардың өмірімен таныстыру арқылы қазіргі өмірін, отбасы мен жұмысын бағалауға шақыру, әрі қарай сыбайлас жемқорлық істеріне қол салмауға баулу», дейді агенттік өкілдері.