Карантин кезінде қарттар мен көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында «Saryarqa Jastary» облыстық волонтерлер штабы және «Тамшы KZ» қайырымдылық қорының бастамасымен Қарағанды облысының волонтерлері азық-түлік тарату акциясын өткізді.
Қарқаралы ауданының JasStar волонтерлік желісінің белсенді волонтерлері 2 отбасыға азық-түлік тасып, қолғабыс көрсетті.
«Әлемдік пандемия кезінде бір-бірімізге жанашырлық таныту, қамқор болу, бірлігімізді сақтау – әрбір азаматтың парызы деп білеміз!», дейді волонтерлер.
Сонымен қатар волонтерлер тұрғын үй секторында улы газбен уланудың алдын алу мақсатында Қарқаралы ауданының төтенше жағдайлар бөлімімен рейттер ұйымдастырды.