Алматы билігі елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты қаладағы туристік нысандарды жабу туралы шешім қабылдады.
Мегаполистегі Медеу, Шымбұлақ, Пионер, Көк-Төбе, сондай-ақ, ішкі туризм бойынша экскурсияларды жүзеге асыратын туристік ұйымдардың қызметі тұтастай тоқтатылады. Бұл шешім коронавирустық эпидемиологиялық жағдай тұрақтандырылғанға дейін күшінде болмақ. Еске сала кетсек, бұған дейін Туризм басқармасы коронавирус тіркелген қауіпті категориялы елдерге қатынайтын және сол елдерден бізге келетін турларды уақытша тоқтатуға ұсыныс білдірген болатын.