Бұған дейін Алматы облысында індет жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелгенін жазған болатынбыз. Қазір коронавирус жұқтырған адам жайында алғашқы мәліметтер анықталды. Ол Қарсай ауданының 1986 жылы туған тұрғыны болып шықты.
- Бүгін Алматы облысында аталған вирус бір адамнан анықталды. Дерек Қарасай ауданында тіркелді. Қазір науқас Қаскелең қаласындағы инфекциялық ауруханада оқшауланған. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты деп отыр. Мамандар вирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандардың барлығын анықтап, тиісті тексерулерді жасауда, - деді бізге облыс әкімінң баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Болжам бойынша коронавирус жұқтырған Қарасай ауданының тұрғыны қажылықтан оралған болуы мүмкін. Ол 17 наурызда Стамбұл – Бішкек бағытындағы әуе рейсі арқылы Меккеден ұшып келген екен.
Алматы облысы