• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Наурыз, 2020

Тараздық кәсіпкер медициналық маскаларды тегін таратты

239 рет
көрсетілді

Тараздық «Асыл-Ай» тігін фабрикасының ұжымы мыңнан астам медициналық маска тігіп, оны көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға таратты.

Таратылған маскаларды жуып, үтіктеп, қайта қолдануға болады.

- Мен Жамбыл облысындағы тігін фабрикасының иелерін осындай істі жалғастыруға шақырамын. Коронавирусқа қарсы күресу, ұлт қауіпсіздігін сақтау - бәрімізге ортақ міндет. Осындайда әрбір кәсіпкер жауапкершілікті сезінуі тиіс, - дейді «Асыл-Ай» тігін фабрикасының басшысы Алима Садықова.

Аталған тігін шеберханасы 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, Тараз қаласындағы 30-дан астам мектепті қамтамасыз етіп отыр.