• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Наурыз, 2020

Беларуссия: Соғыстан қалған зираттардың электрондық базасы құрылады

289 рет
көрсетілді

Бұл сайт бойынша бұрынғы КСРО елдерінің кез-келген азаматы екінші дүние жүзілік соғыс кезінде қаза тапқан немесе белгісіз кеткен туыстарының қабірін табуға мүмкіндік бар.

Қазір сайт авторлары Беларуссия жеріндегі соғыстан қалған зираттардың электрондық базасын жасақтауды жоспарлап, оған Минск облысында сақталып қалған бауырластар зиратында жатқандардың аты-жөнін енгізуді көздеп отыр. 

Бұл мәліметтер бойынша бұрынғы КСРО елдерінің кез-келген азаматы туысқандары жатқан қабірдің орналасқан жері мен нақты геолокациясының сипаттамасын біле алады немесе олардың қандай жағдайда сақталғанын  ғаламтор арқылы бақылай алады.  

«Есте сақтау» деген атпен шыққан сайттың тағы бір әлеуметтік маңызды функциясы, кез-келген қолданушы ақысыз іздеуге сұрау жібере алады. Ол үшін соғыста қаза болған немесе белгісіз кеткен туысының аты-жөнін немесе шақырылған жерінің мекен-жайын білсе болды.  

Жоба қызметкерлері жерлеу орнын тек Беларуссияда ғана емес, Ресей мен Украинада да табуға көмектеседі. Бұдан басқа, сайттың әрбір қолданушысы туыстарының сүйегін жерлеуді ұйымдастыратын ұйымдардың бірыңғай ақпараттық каталогындағы мәліметтер базасын пайдалана алады.