• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 21 Наурыз, 2020

Медицина қызметкерлеріне сыйақы берілді

1376 рет
көрсетілді

Облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңес барысында коронавирус эпидемиясына қарсы өңірдегі іс-шаралар жайы қаралды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі күні  тұрғындардың арасында осы инфекцияның таралмауы үшін жұмыс жүргізілуде.

Облыс орталығында қоғамдық көліктер мен кәсіпорындарда дезинфекция шарлары жүргізілуде. Өңірде жағдай қалыпты, барлық алдын алу және болдырмау жұмыстары әкімшілік тарапынан жүргізілуде.

Коронавирустық инфекция анықталған жағдайда облыста 845 төсек-орын дайындалған.

Бұл орындар облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде, № 1 қалалық аурухананың акушерлік және хирургиялық бөлімшелерінен беріледі.

Сондай-ақ, аурушаңдығы мен өлім-жітімі жоғары елдерден келген адамдарға арналған 480 орындық карантин орталығы әзірленген.

Сонымен бірге, әкімдік отырысында коронавирустың таралмауына қызмет көрсетіп жүрген медицина қызметкерлеріне сыйақы беруге әкімдік  резервінен 91,2 миллион теңгеден астам қаражат бөлінетіні айтылды.  

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі індетке қарсы эпидемиологиялық-санитарлық тәртіпті сақтаудағы медицина қызметкерлерінің еңбектерін бағалап, материалдық түрде ынталандыруды тапсырды.

Облыстық әкімдіктің осы шешіміне сәйкес, екі апта бойы күшейтілген режимде жұмыс істеген 500-ге жуық медицина қызметкері Наурыз мейрамында сыйақы алды.

Аппараттық кеңес барысында өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайына назар аударды.

Коронавирус эпидемиясының таралмауы үшін күні-түні қызметте жүрген дәрігерлерге жергілікті жерлерде  көмек көрсетуді, олардың қалыпты демалуына жағдай жасауды, физикалық және психологиялық жағдайын бақылауды талап етті.

Павлодар  облысы