• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Наурыз, 2020

«Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» өз жұмысын тоқтатты

260 рет
көрсетілді

Бүкіл әлем жаңа коронавирустан жапа шегуде, біздің еліміз де оған қарсы күреске кірісіп, жедел әрі бұрын-соңды болмаған шараларды қабылдады. Қазір ұйымшылдық пен түсіністікті көрсету өте маңызды, бірақ, әрине, адамдардың көкейінде көптеген сұрақтар туындайтыны табиғи жағдай. Мәселен, 6 сәуірге дейін елімізде мүгедектерді және тірек-қимыл аппараты патологиясы бар тұлғаларды медициналық-әлеуметтік оңалту көмегімен бірге өтемдік құралдармен қамтамасыз ететін ірі кәсіпорын – «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ (РПОО) өз жұмысын тоқтатты.

Бұл жағдай тапсырыстарды орындауға әсер ете ме, мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтарға РПОО шығаратын және бүкіл ел бойынша жеткізілетін протездер мен ортопедиялық аяқ киімдер жеткілікті бола ма? Осы мәселе туралы біздің тілшіміз Орталық президенті Николай Петровпен әңгімелесті.

- Николай Николайұлы, РПОО кәсіпорындарының жұмысы амалсыздан тоқтатылды. Мұқтаж адамдарға дайын өнім жеткілікті ме?

- 2019 жылы біз 8 айға жететін жинақтаушы материалдар мен шикізат сатып алдық, яғни, біз осымен қамтамасыз етілгенбіз. Бүгінде біздің кәсіпорындар жабық болғанымен, тапсырыстарды қабылдайтын біздің орталықтың шеберханалары бар, мысалы, Алматыға жақын – Талдықорғанда. Протездерді немесе арнайы аяқ киімдерді дайындауға бағыттама алған барлық емделушілер оларды бізге беріп үлгерді, тиісінше олар өз бұйымдарын алады. Біз ағымдағы оқиғалардың одан әрі қалай жалғасатынын білмейміз, бірақ қажет болса, біздің кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейте отырып, өз жұмысын жабық режимде бастауға дайын. Қалай болғанда да, барлығы өз тапсырыстарына қол жеткізеді. Бағыттаманы тапсырған барлық пациенттерге біз қоңырау шалдық. Алайда, бізге жекелей тәртіпте жүгінетін біздің пациенттеріміздің де аз саны да бар. Сондықтан, барлық сұрақтарға жедел жауап беру және пациенттеріміздің барлық күмәндерін жою үшін біз карантин кезінде Алматыда арнайы желі құрдық - 8 (727) 279-30-87 және 279-88-34 –  осы телефон нөмірлері арқылы күнделікті хабарласуға болады.

- Сіздерге келіп үлгерген тапсырыстардың жағдайы не болмақ?

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес протездік-ортопедиялық бұйымдарды біз тапсырыс түскен сәттен бастап 45 күн ішінде дайындауымыз қажет. Бізде еліміздегі ең тәжірибелі және жоғары білікті мамандарымыз және өндіріске енгізілген заманауи технологиялардың арқасында мұны орта есеппен 17 күн ішінде жасауға болады. Сондықтан да бізде сенімділік бар, және тағы да атап өтейін – біздің клиенттеріміздің алдындағы барлық міндеттемелер орындалады, бұған еш күмәнданбауға болады. 

- Біздің білуімізше, сіздерде ортопедиялық аяқ киімге, түрлі протездерге үлкен мемлекеттік тапсырыс бар. Осы жоспарлардың орындалуына төтенше жағдай қалай әсер етеді, сіздердің орталықтарыңыз белсенділікті сақтауға көмектесетін ерекше қажеттіліктері бар адамдар өздерінің ерекше бұйымдарынсыз қалып қалмай ма? 

- Иә, тапсырыс шынымен де ауқымды. 2019 жылы біз 33 617 бұйым дайындадық, оның ішінде 60-тан астам аяқ-қол протездерінің модификациясы, 112 ортопедиялық аяқ-киімнің барлық маусымдар үшін модификациясы және тағы басқалар. Бұйымның жалпы көлемі ішінде 14 500 бұл – ортопедиялық аяқ киім. Биыл, алдын ала мәліметтер бойынша, өндіріс көлемі 10 пайызға артпақ. Дегенмен, барлық облыстар мемлекеттік сатып алу байқауларын немесе, жалпақ тілмен айтсақ, тендерлерді өткізбеді. Осы жылы Алматы қаласы, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстары жедел жұмыс істеді, бұл үшін салалық басқармалардың басшыларына үлкен рақмет! Жалпы, біз жыл сайын тендерлер қандай да бір себептермен созылатын жағымсыз жағдайға тап боламыз, содан кейін біз пациенттер үшін жыл бойы жоспарлы түрде жасалуы тиіс бұйымдарды қысқа мерзімде әзірлеуге мәжбүрміз. Ал бұл бұйымдар, өздеріңіз түсінгендей, бұл жаппай типтік тауарлар емес, олардың әрқайсысы үшін жеке өлшемдер мен мүмкіндігі шектеулі немесе арнайы ортопедиялық аяқ киімге мұқтаж әрбір пациенттің жеке ерекшеліктерін ескеру қажет. Сондықтан, бұл кезекте коронавирус және оның таралуына байланысты енгізілген төтенше жағдай біз үшін әрдайым шиеленісіп тұратын ситуацияны өзгертпеді.

- Орталық кәсіпорындарының жабылуына байланысты сіздердің қызметкерлеріңіздің мүдделері қалай ескерілді?

- Қандай да бір саладағы орташа жалақы біздің орталық қызметкерлерінен артық деп ойламаймын, мүмкін тек банк секторында ғана шығар. Біздің кәсіпорында жеткілікті жалақы бар және мемлекеттік тапсырыстың уақытылы және сапалы орындалуы үшін әрдайым сыйақы қарастырылған. Біз өз мамандарымызды өте жоғары бағалаймыз – олар Қазақстандағы өз ісінің үздіктері және әрқайсысының еңбегі алтынға пара-пар. Қазір, мереке күндерін есепке алмағанда, біз екі аптаға қызметкерлерімізді жұмыстан босаттық және осы мерзім ішінде ел Президентінің тапсырмасына және еңбек заңнамасына сәйкес оларға ең төменгі жалақы төленеді.

- Осы жылға орталықтың жоспары қандай? Оған қандай түзетулер енгізілмек?

- Біздің басты жоспарымыз бен басты мақсатымыз –  мемлекеттік тапсырысты толық көлемде орындау және оны іске асыруға карантин кедергі емес. Өйткені, егер біз жоспарды жүзеге асырмасақ, ешкім оны біз үшін істемейді, ал біздің пациенттер оларға өмір сүруге, әлеуметтенуге, жұмыс істеуге көмектесетін өнімдерсіз қалады. Ал бұған біз, әрине, ешбір жағдайда да жол бере алмаймыз.

Сондай-ақ, биыл біз астанамызда Нұр-Сұлтан қаласына қызмет көрсететін кәсіпорын ашқымыз келеді. Қазір мұны біздің Петропавлдағы филиалымыз іске асыруда, бірақ біз клиенттерге жақын болғымыз келеді. Осы себеппен тағы Қарағанды облысында да өндірісті ашу жоспарлап отырмыз, себебі Қарағанды және оның серіктес-шаһары Теміртау – бұл көптеген тұрғындары бар қалалар, мұндағы халықтың көпшілігіне біздің өнімдеріміз қажет. Бізге еңбек және әлеуметтік даму министрі келген кезде, мен оған осы филиалдың ашылатынына уәде берген едім, ал біз әрқашан өз уәдемізге берікпіз.

Сондай-ақ біз дәстүрлі түрде біздің қызметкерлеріміз үшін көптеген семинарлар мен оқыту курстарын өткіземіз. Қызметкерлердің ең жоғары біліктілігі – біздің протездік-ортопедиялық орталығымыздың басты активтерінің бірі. Жыл сайын РПОО қызметкерлерді біліктілігін арттыру курстарына халықаралық протездеу орталықтарына жібереді. Орталық базасында Ресей, Германия, Жапония, АҚШ мамандарының қатысуымен үнемі оқыту семинарлары өткізіледі. Жыл сайын біздің протезистеріміз 2-3 жаңа сертификат алады, өйткені біз облыста жұмыс істейміз, ал ол бір орында тұрмайды, барлық уақытта даму үстінде, сондықтан әрқашан өзгеріске дайын болу өте маңызды. Бүгінде РПОО кәсіпорындары жабдықталған жабдықтар заманауи және сапалы бұйымдарды жасауға мүмкіндік береді, бірақ біз Қазақстанда барлық жаңашылдық және инновация пайда болғанын қолдаймыз. Сондықтан да, бүгінгі жағдайдың одан әрі түрлі сипатта өрбуіне қарамастан, біздің қазіргі және келешек пациенттерімізді тағы да тыныштандырғым келеді – ешқандай да дефицит немесе өмірлік маңызды өтем қаражатының жоқтығы бізге қауіп төндірмейді, барлық тапсырыстар орындалатын болады.