Коронавирусқа арналған швейцариялық препарат тышқандарда сәтті қолданғаннан кейін сынақтың соңғы кезеңінен өтеді. Препарат иммундық жүйенің COVID-19-ға әсерін азайтады, бұл пациенттерге аса ауыр жағдайларда көмектеседі. Алайда, қатерлі дерттің дауасын іздеуге талпынған ізденістер мұнымен шектеліп қалмайды деп хабарлайды SWI Swissinfo.
Бүкіл әлемде ғалымдардың барлық топтары коронавирустың бетін қайтаруға күш біріктіріп жатыр. Бұл бағытта Швейцарияның зерттеу топтары да алдыңғы орында. Бүгін «Roche» фармацевтикалық компаниясы ҚХР, АҚШ медицнасымен бірлесе отырып, тестілеудің соңғы кезеңін өткізіп жатқанын айтты. «Roche» препараты иммундық жүйенің артық әсерін басады, бұл ауыр жағдайларда коронавирустың өліміне әкеледі. Базельдегі фармацевтикалық компанияның препараты артрит кезінде қолдануға рұқсат етілген. Сондықтан қазіргі сынақтардың мақсаты тек коронавирустық ауру жағдайында оның тиімділігін анықтау болып табылады. Қытайда препарат қазірдің өзінде төтенше жағдайларда қолданыла бастады. Әзірге нәтиже оң.
«Roche» компаниясының атқарушы директоры Северин Шван әлемнің үкіметтерімен, оның ішінде Қытайдан тыс жерде, пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін сөйлесіп жатқанын, иммунологтар командасы Қытайдағы әріптестерімен бірге дәрі емес, коронавирусқа қарсы вакцинаны іздеуге кірісіп кетіпті. Себебі «Фавипиравир» препараты жаңа коронавирус тудыратын пневмонияны емдеуде тиімді болып шықты. «Авиган» деген де атауы бар «Фавипиравирді» тұмауды емдеу үшін «Fujifilm Holdings» жапон корпорациясы әзірлеген. Ол сондай-ақ Эбола безгегіне қарсы қолданылған. Препараттың жағымсыз әсері 2014 жылдан бастап тіркелмеген, сол жылы оның сатылымы Жапонияда мақұлданған еді. «Roche» препараты «Фавипиравирде» құрамын одан әрі қарай жетілдірілмек. Егер оның тиімді екені дәленденсе алдағы уақытта «Roche-Фавипиравир» атауымен жаңа препарат пайда болуы әбден мүмкін.
Тәжірибелер сәттілікке әкелетін болса, алты айда миллиондаған ампулаларды шығаруға мүмкіндік бар.
«Коронавирусты 100 пайыз емдеп-айықтыратын дәрумендердін сырын білуге адамзат мүдделі болып отыр. Оның қаншалықты нәтижелі боларын қазір ешкім болжап біле алмайды. Бірақ адамзаттың, технологияның болашағы осыған байланысты болып тұр» дейді Северин Шван.
АЛМАТЫ