• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Наурыз, 2020

Павлодар облысында 18 мониторингтік топ құрылды

191 рет
көрсетілді

Мониторингтік топ коронавирустың таралмауын алдын алу үшін қабылданған еліміздегі төтенше жағдайға байланысты облыс әкімдігінің бастамасымен құрылды.

Бұл топ мүшелері өңірдегі азық-түліктің бағасын, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, шекара бекеттерінің жұмыс істеуін, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қоғамдық көліктің жұмысын бақылайды. Қазіргі кезде 44 мыңға жуық адам еңбек ететін өңірдегі 19 жүйе құраушы кәсіпорындар қалыпты жұмыс жасауда.

Өңіріміз азық-түлікпен толық қамтамасыз етілген. Өндірушілердің, сауда нысандарының мен тұрақтандыру қорының қоймаларында 74,6 мың тоннадан астам өнім бар. Әлеуметтік дүкендердің санын 196-дан 300-ге дейін арттыру жоспарлануда. Тұрақтандыру қорында 1,4 мың тоннадан астам тауар бар. Қосымша 777,1 миллион теңгеге 4,8 мың тоннадан астам өнім сатып алу жоспарлануда.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, төтенше жағдайға байланысты туындаған мәселелер бойынша, соның ішінде кәсіпорындардағы эпидемияға қарсы іс-шаралар және жұмыс орындарын қысқарту мүмкіндігін болдырмау бойынша өзара іс-қимыл жасау үшін әр компанияның басшылығымен тұрақты байланыста.

Адамдардың жаппай жиналуын қарастыратын сауда-ойын-сауық орындары   үшін енгізілген шектеулер шағын және орта бизнестің жұмысына әсер етті. Бұл жағдай  25 спорттық  нысандар, 66 фитнес-орталықтар мен жаттығу залдары, 275 дәмхана мен мейрамханаларға қатысты.

– Қаржы шығыны турагенттіктер,  түрлі салондарға, ивент-агенттіктерге әсер етуде. Сондықтан, қалалар мен аудандарда осы санаттағы барлық кәсіпкерлерге мониторинг жүргізу қажет.  Шағын және орта бизнесте онлайн-режимге көшеді. Дәмханалар тамақты, дәріханалар дәрі-дәрмектерді, дүкендер  бірінші кезектегі қажетті тауарларды тұрғындарға жеткізеді,- деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов.

 

ПАВЛОДАР