• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2013

Өскемен: Ғаламтор арқылы есірткі сатумен айналысқандар ұсталды

354 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында ғаламтор арқылы есірткі саудасымен айналысқан топ ұсталды. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Күдіктілер бір-бірімен жасырын нөмірмен хабарласып, есірткіге тапсырыс беріп отырған. Ал келісімді соманы қолға бермей, төлем терминалы арқылы аударған. Есірткі сатушылар ақша түсісімен ғаламтор арқылы есірткінің қай жерге жасырылғанын жазып жібереді. «Ұсталғандардың екеуі Өскемен қаласының азаматтары. Олардың ғаламтор арқылы есірткі сатып жүргені туралы ақпарат бізге жыл басында келіп түскен еді. Сатушы мен сатып алушы арасында ешқандай кездесу болмағандықтан, бұл істі ашу құқық қорғау қызметкерлеріне бірталай қиындық туғызды», - дейді Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті Есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Эдеш Рахымжанов.

Данияр Түймебай.