• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Наурыз, 2020

Қазақстан азаматтары ұшақпен әкелінуде

208 рет
көрсетілді

Коронавирустық пандемия тудырған әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты отандық әуе компаниялар Қазақстан азаматтарын қайтару рейстерін орындауда, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Өткен тәулік ішінде азаматтық авиацияның әуе кемелерімен шет елдерде қалған жолаушыларды тасымалдау үшін бірқатар рейстер жасалды. 

Эйр Астана әуекомпаниясы Тбилисиден Алматыға 143 жолаушыны, Скат әуекомпаниясы Мәскеу қаласынан (Внуково) 35 жолаушыны, оның ішінде транзитпен келген қазақстандық туристерді елімізге алып келді.