• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Наурыз, 2020

Ресейден келетін импорт жанармайға шектеу енгізілді

206 рет
көрсетілді

Осыған дейін «Қазақстан қажетті жанармаймен өзін қамтамасыз ете алады» деген пікірдің бәсі басым болып келген. Үкіметтің экономикалық блогы бұл пікірді «Б план» жағдайында қолданатынын енді дәлелдеді.  

«Қазақстан Ресейден бензин, дизель отыны мен авиакеросиннің импортына үш айлық тыйым салуды жоспарлап отыр, тиісті жоба қазір мемлекеттік органдарда мақұлдануда» деп хабарлады бүгін Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

«Әлемнің көптеген бөлігіне таралған коронавирустың өршуі энергия шығынын едәуір төмендетуге әкелді» деп атап өтті Энергетика министрлігі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанға жеткізілетін ресейлік мұнай өнімдерінің көлемі Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Нәтижесінде, мұнайды қайта өңдеудің төмендеуі және мұнай өнімдерінің басқа түрлерінің жетіспеушілігіне әкеледі.

«Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты экономиканың барлық саласында мұнай өнімдерін тұтынудың төмендеуі байқала бастады. Сондай-ақ қазақстандық мұнай өңдеу зауытының жабылуға жол бермеу үшін министрлік «Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын әзірледі, оның аясында ішкі нарыққа бензин, дизель отыны мен авиациялық отын әкелуге уақытша тыйым салынды. Бұл шешім Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау үшін қабылданды »,  деп атап өтті Энергетика министрлігі. Бұл шешім қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының қайта өңдеу қуаттылығының төмендеуіне жол бермейді. МӨЗ-дегі жұмыс орындарының қысқаруының алдын алады.

Карантин жағдайында мұнай өнімдерін тұтыну едәуір төмендеді және Қазақстан өзін қажетті жанармаймен қамтамасыз ете алады.

«Бұл шара мұнай өнімдерінің бағасына ешқандай әсер етпейді» деп сендірді Энергетика министрлігі.