• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 27 Наурыз, 2020

COVID-19 Акунинді де айналдырды

281 рет
көрсетілді

COVID-19 коронавирусын жұқтырып алған танымал адамдар өз жағдайлары туралы түрлі әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр. Солардың бірі ресейлік жазушы, сценарист, аудармашы Борис Акунин де өзінің ауруы туралы Фейсбук әлеуметтік желісінде бөлісті.

Қаламгер өзінің жағдайы туралы дәрігерлердің жақын арада айтып беретінін жазған. Ол оқырмандарын сабырға шақырып отыр. Акуниннің пікірінше, вирустың өзінен гөрі адамдардың вирус жайлы қауіп-қатер мен үрейге толы ой-сезімдері он есе күштірек. Сондықтан ол оқырмандарына ең алдымен сабыр сақтап, өздері мен жақындарын барынша қорғауды айтты.

Борис Акунин - жазушының псевдонимі. Григорий Чхартишвили оның алдында Анна Борисова, Анатолий Брусникин деген әдеби псевдонимдерді пайдаланғаны белгілі. Оны көпшілікке танымал еткен шығармалар  – «Стат кеңесшісі» және «Түрік гамбиті».

Ресей Қырымды алмақ болғанда зиялы қауым өкілдерінің ішінде алғашқылардың қатарында қарсылық білдірген еді. Жазушы қазір Францияда тұрады.