• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Наурыз, 2020

Баскетбол: «Клипперстің» қожайыны қайырымдылық көрсетті

178 рет
көрсетілді

Ұлттық баскетбол қауымдастығында (ҰБҚ) өнер көрсететін «Лос-Анджелес Клипперс» клубының қожайыны Стив Балмер мен оның жұбайы Конни коронавирусқа күреске 25 миллион АҚШ долларынан аса қаржылай көмек көрсетті.  

«Los Angeles Times» басылымы таратқан мәліметке сенсек, 10 миллион долларды олар Сиэтл қаласында орналасқан Вашингтон университетінің есепшотына аударған. Бұл ақша коронвирусқа қарсы вакцина шығару процессін жеделдетуге жұмсалмақ.  Қалған қаражатты Балмер мырза өзі туып-өскен Мичиган штатына және өз командасы қоныс тепкен Лос-Анджелес қаласына берген.   

Көптеген қайырымдылық шаралардың басы-қасында жүретін Стив Балмер жайында қысқаша мәлімет беретін болсақ, 64 жастағы АҚШ азаматы «Майкрософт» корпорациясының бас директоры. Кезінде Гарвард университетінде ол айтулы корпорацияның құрылтайшысы Билл Гейтспен бірге оқыған. Екеуі жақын достар.

Қазіргі Балмер мырза байлығы 41,2 миллиард долларды құрайды. Форбс тізімінде ол 19 орында тұр. 2014 жылы айтулы миллиардер Ұлттық баскетбол қауымдастығында (ҰБҚ) өнер көрсететін «Лос-Анджелес Клипперс» клубын 2 миллиард долларға сатып алған болатын.