Қазақтардың көшпелі еркін тірлігі Азияда дүниеге келіп дамыды. Орыстардан шыққан казактар бұған тәнті болғандығын олардың жылнамаларындағы деректер айғақтайды. 1444 жылы қоршауда қалған Мәскеуге казактар келіп, татарлармен соғысады. 1517 жылы Украинада Белгородқа (Аккерман) шабуыл жасайды. Көшпелі түркілерде еркін өмірді аңсаушылық, шаһарларға шапқыншылық ұйымдастыру орыс казактарынан бұрын басталған... Алтын орданың ыдырауы кезінде ұсақ халықтар арасындағы талас-тартыстың салдарынан әртүрлі рулар далаға қоныс аударып, қазақ қауымдарын құра бастады. Сондай-ақ, орыс казактары да әр тектес тайпалардан одақ құрып, казактар деген атауға ие болды.
«Қазақ шежіресі» деген еңбегінде Шоқан Уәлиханов қазақ пен казак туралы осындай мәлімет келтіреді.

Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин ұлттық тарихымызды зерделеу жөніндегі үлкен жиындағы баяндамасында «қазақтардың ұлттық тарихының жаңа тарихи ұстанымын қалыптастыру» қажеттілігін атап көрсетті. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде қазақ тарихындағы казачествоның қан-жоса ізі көз алдымызға елестейді. Әуел баста жол торып, қарақшы болған казактар кейін ел қауіпсіздігіне қатер төндіргендіктен ақ патша оларды қызметке тартып, ерекше әскери бірлестік (сословие) жасады, отаршылдық саясатты жүзеге асыруға пайдаланды.
Қазіргі Ресейде казактарды ақтау, олардың қоғамдық-саяси өміріндегі орнын тиянақтау, құқығын белгілеу жөнінде ресми құжаттар бар. Бірақ мұның Қазақстанға қатысы жоқ. Алайда, казачествоны кейбір күштер біздің еліміздің тарихи және этнографиялық, территориялық тұтастығына сенімсіздік көрсететін үлкен саясаттың ұсақталған ақшасы есебінде пайдаланғысы келеді. Мұндай іс-әрекет күні бүгінге дейін тыйылған жоқ.
Мәселен, жуырда республикалық бір басылымда Арқа өңірінде казактардың біздің ұлттық киіміміз деп патша заманындағы әскери формамен жүретіндігін, еліміздің аумақтық тұтастығын бұзуға әрекет жасап, өз ортасынан шыққан жастардан «Ресей империясына қалтқысыз қызмет етемін» деген ант қабылдайтындығын, әулие Георгий лентасын таратып, «Ресей – біздің Отанымыз, біз Ресейді сүйеміз» деген акция өткізгенін, және тағы басқа арандатушылық шаралар туралы сөз болды. Осыған орай кейбір ой-пікірді ортаға салғымыз келді.
Үлкен империя көршілерін кейде күшпен, енді бірде алдап-арбап дегендей, жерін иемденіп, халқын тәуелді етіп, ел аумағын үнемі молайтып отырды. Ресейдің мұндай отаршылық саясатын жүзеге асыруда казактардың үнемі алда жүргені пәлендей құпия емес.
Ақ патша тұсында казачество тұрақты әскердің құрамдас бөлігі есебінде түрік, парсы, швед, Кавказ, Балқан соғыстарына қатысты. Қазан, Астрахань, Сібір, Қырым, Қазақстан, Орта Азия, Польшаны, Балтық жағалауы елдері мен Финляндияны, Қиыр Шығысты жаулап алуда елеулі рөл атқарды. Бұратана халықтарды (Ресейдің ұғымында), оның ішінде қазақтардың наразылығын басып-жаншуда полициялық және жазалау күштері есебінде қолданылды. Сол үшін көптеген жеңілдіктерге ие болды.
Кеңес заманында қазақ жұрты талай талан-таражға түсті. Ол түгелдей одақ қарамағында болса да орталық, неге екені белгісіз, мұнда орыс автономиясын құруға әрекет жасағаны бар. М.Калининнің тікелей нұсқауымен ВЦИК-тің ерекше комиссиясының (1921-1925 ж.ж.) Жетісу (қазіргі Алматы облысы мен Қырғызстанның Шу және Ыстықкөл облыстары) те