Бұл туралы www.coronavirus2020.kz ресми сайтында хабарланды. Қауіпті инфекцияны 6 студент жұқтырғаны белгілі болып отыр.
Расми хабарламада студенттердің Қарағанды қаласына ұшып келгені жазылған. Осы студенттермен қосқанда Қарағанды облысының орталығында короновирус жұқтырғандар саны 13-ке жетті.
Сондай-ақ хабарламада:
– Бүгін инфекция жұқтырған алты студент анықталды, олар Қарағанды қаласына 18 наурызда ұшып келген. Рейспен келген барлық жолаушылар бірден карантинге жатқызылды. Пациенттердің жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалайды, – делінген.