• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2020

Павлодарда Төтенше жағдай уақытында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

206 рет
көрсетілді

Ал, жәрмеңкенің өтуі-Төтенше жағдайға байланысты үш адамнан артық жиналуға болмайтынын ескерсек, қазіргі эпидемиялық жағдай кезінде қауіпті болуы әбден мүмкін.

Коронавирус індетіне қарсы елімізде жарияланған Төтенше жағдайдан облыс, қала әкімдігі  хабарсыз қалған ба, облыс  орталығында өткен сенбі  28-ші  наурызда  кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізді.

Қаланың шетінде емес,  «Квазар» сауда орталығының жанында өткізілетін  жәрмеңкенің  Төтенше жағдай кезінде де тоқтатылмағанына көпшілік  тұрғындар алаңдасып қалды

Өзіміз көргендей   әр ауданнан келген  жәрмеңкешілер де, халық қарасы да  аз болмады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңке өткен күні санитарлық шаралар қатаң сақталыпты, бетперделер таратылған, жәрмеңке уақыты қысқартылған.

Төтенше жағдай уақытында жәрмеңкенің өтуіне  наразы тұрғындар алаңдаушылығы  қала әкімі  Қайрат Нүкеновтың, облыс  әкімінің  орынбасары  Асайын Байхановтардың құлағына жеткен болуы керек.

Қазір алдағы уақытта өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінің қызметі тоқтатылды. Өндірушілерден әлеуметтік дүкендерге тікелей өнім жеткізуді ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. 

Тіпті, жәрмеңке өткізбей-ақ, бұған дейін облыс әкімдігі тұрақтандыру қорына жалпы құны 754 миллион теңгені құрайтын 4,7 мың тонна өнім сатып алынады. Әлеуметтік сауда орындарының санын 196-дан 300-ге дейін жетеді.

Тұрақтандыру қорында 14,8 тонна тауық жұмыртқасы, 195 тонна картоп, 75 тонна сәбіз, 63,5 тонна пияз, 750,5 тонна бірінші сұрыпты ұн, 3,3 тонна күнбағыс майы, 41,4 тонна күріш, 5,1 тонна қарақұмық жармасы және 208 тонна қант бар деп хабарлаған болатын

Павлодар облысы