Бұл Ұлттық экономика министрлігі хабарлады. 26 наурызда Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның егемендік кредиттік рейтингі «BBB-/А-3» деңгейінде, болжам «Тұрақты» екенін растады.
Талдамашылардың пікірінше, елдің мемлекеттік сенімді және сыртқы теңгерімі Қазақстан экономикасы үшін сыртқы күйзелістердің салдарларын жеңілдетуге көмектеседі және таяудағы екі жылда тұрақты болады.
Бұдан басқа, еркін өзгермелі айырбас бағамы экономикаға сыртқы қысымға бейімделуге жәрдемдеседі.