• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 31 Наурыз, 2020

Кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 5 млн теңге аударды

177 рет
көрсетілді

Коронавирусқа қарсы күресті күшейту мен көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты, «Бөрте милка» ЖШС директоры Нұралы Әбіш арнайы қорға 5 миллион теңге аударды.

Оның айтуынша  көпшілік қауым ел үкіметі тарапынан қолға алынып отырған шектеулер мен сақтану шараларына барынша қолдау білдіріп, түсіністік танытып, барлық талаптарды орындауға тиіс. Сондай-ақ жалған ақпараттарға сенбей, ел ішінде үрей туғызбауға, жұртты сабырға шақырып, ынтымақ, бірлікке ұйыстыра білу аса маңызды. Әлемге қауіп төндіріп тұрған індетпен күрес жүргізу – тек медицина қызметкерлері мен құқық қорғау мамандарының ғана емес, бүкіл қазақ қоғамының міндеті екенін айтады кәсіпкер.

Ол өзі басқаратын серіктестік атынан 100 отбасыға сүттен жасалған өнімдермен демеушілік көрсетіп отыр.