Mastercard ПИН-код енгізбестен жасалатын түйіспесіз төлемнің шекті сомасын Еуропаның көптеген елдерінде ұлғайтуға ниетті екендігі жайлы хабарлады. Жаңа тұғыр 29 елде, соның ішінде Қазақстанда жүзеге асырылмақ, бұл түптеп келгенде бүкіл осы аймақта адамдардың төлем жасау мүмкіндігін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік бермек.
Mastercard-тың бірқатар бастамалары Еуропа елдерінде түйіспесіз карталар мен мобильдік құрылғылар арқылы төлем жасау көрсеткішінің күрт артуына әкелді. Атап айтқанда, Mastercard-тың Еуропадағы бүкіл транзакцияларының 75%-ы енді түйіспесіз төлем арқылы жасалады. ПИН-кодты енгізбестен түйіспесіз төлем жасау сомасының артуы арқасында карта иелері мен сауда кәсіпорындары ПИН-кодты енгізбестен қолма-қол ақшасыз әрі жылдам, әрі қауіпсіз төлем операцияларын жасай алады.
- Mastercard алғашқы болып түйіспесіз төлемдердің әлеуетін бағалап, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл терминалдарды осы технологияны қабылдауға дайындады. Енді біздің барлығымыз адамдар күнделікті төлемдерді жасау кезіде дәл осы түйіспесіз төлемдерге артықшылық бере бастағанына көз жеткіздік. Ал бүгінгі мәлімдеме адамдардың жүріс-тұрысында болып жатқан шапшаң өзгерістерді айқын көрсетіп отыр, ал адамдар үнемі өзгеріп отыратын бүгінгі әлемде жеңіл, жылдам, алаңсыз әрі сенімді түрде әрекет етуге ұмтылатындығы белгілі, - деп түсініктеме берді Mastercard-тың Еуропадағы өнімдер мен инновациялар жөніндегі атқарушы вице-президенті Милан Гаудер.
29 елдің арасында Ұлыбритания, Ирландия, Эстония және Польша төлем сомасының шекті мөлшерін үнемі арттырып отыратын көшбасшы елдер болса, Нидерланд, Греция мен Қазақстан өз азаматтарына осындай қиын кезеңде түйіспесіз төлемдерді жеңіл жасауға көмектесу үшін төлемнің шекті мөлшерін уақытша арттырып отыр.
Қазақстанда қазір ПИН-кодты енгізбестен 5000 теңгеге дейін төлем жасауға болады, ал жаңа тұғыр енгізілген соң, бұл сома 20 000 теңгеге дейін артпақ.
Сондай-ақ, Милан Гаудер былай деп атап өтті: «Mastercard түйіспесіз төлем технологиясын ендірген сәттен бастап оны қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың жеңіл, қауіпсіз әрі жылдам жолы ретінде ілгерілетіп келеді. Бүгінгі мәлімдемеге сәйкес түйіспесіз технологияланы қолданатындар ғана төлем жасау кезінде барынша кең мүмкіндікке қол жеткізіп қана қоймайды, сонымен бірге, бұл технология қазір біз бастан өткеріп жатқан сын-тегеуріндер жағдайында адамдарға қосымша қолдауды ұсынып отыр».
Төмендегі кестеде 29 елдің әрқайсысында төлем сомасының шекті мөлшері қалай өзгеретіндігі көрсетілген:
Ел
Хорватия
Кипр
Эстония
Греция
Германия
Ирландия
Латвия
Люксембург
Ұлттық валюта
HRK
EUR
EUR
EUR
EUR
EUR
EUR
EUR
Қазіргі шекті мөлшер
100
20
25
25
25
30
25
25
Жаңа шекті мөлшер
350
50
50
50
50
50
50
50
Ел
Мальта
Нидерланд
Португалия
Испания
Польша
Ұлыбритания
Венгрия
Ұлттық валюта
EUR
EUR
EUR
EUR
PLN
GBP
HUF
Қазіргі шекті мөлшер
25
25
20
20
50
30
5000
Жаңа шекті мөлшер
50
50
50
50
100
45
15000
Ел
Өзбекстан
Болгария
Солтүстік Македония
Албания
Косово
Литва
Ұлттық валюта
UZS
BGN
MKD
LEK
EUR
EUR
Қазіргі шекті мөлшер
52500
50
750
2000
15
25
Жаңа шекті мөлшер
250000
100
2000
4500
40
50
Ел
Швеция
Армения
Беларусь
Грузия
Қазақстан
Қырғызстан
Тәжікстан
Түркия
Ұлттық валюта
SEK
AMD
BYN
GEL
KZT
KGS
TJS
TRY
Қазіргі шекті мөлшер
200
12100
20
45
5000
1525
140
120
Жаңа шекті мөлшер
400
20000
100
100
20000
2500
200
250