• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Руханият 01 Сәуір, 2020

«Алтын Орда» күйін шығарды

181 рет
көрсетілді

«Қорқыт» этно-ансамбілінің концертмейстері, домбырашы Айбек Әрімбек «Алтын Орда» атты күй шығарды. Күй Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орданың 750 жылдығын өткізу туралы шешімінен кейін жарыққа келген.

«Осы жаңалықты естіген соң, Алтын Орда туралыкүй шығарғым келді. Күй өте жылдам темппен орындалады. Бұдан қазақ батырларының бейнесін көруге болады. Жалпы, жастарымызға патриоттық рух беру үшін шығарылған дүние. Үш бөліммен тұратын күй шамамен екі минутқа созылады",- дейді күйдің авторы.

Нұр - Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының "Қорқыт" этно-ансамблі  өнерпаздары жан-жақты өнерлерімен танылып жүргені белгілі. Таяуда ғана Гиннестің Рекордтар кітабына енген өнерлі ансамбль өз репертуарларын  домбыраның күмбірімен үндескен тағы да бір туындымен толықтырып отыр.