• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Сәуір, 2020

Агроөнеркәсіп кешеніне 173 млрд теңге бөлінеді

138 рет
көрсетілді

2019 жылы Ұлттық Банк 173 миллиард теңгеден астам сомаға жеті эмитенттің облигацияларын сатып алған болатын. Кешегі өткен онлайн жиында Ұлттық банк сол қаражат агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу, өндіріс және қызмет көрсету сияқты салалардағы басым жобаларды қаржыландыруға жұмсалғанын айтты.

«Өткен жылдың желтоқсанында мақұлданған басым жобаларды несиелендіру тетігі аясында Ұлттық Банк қаржы институттары мен Аграрлық несие корпорациясына БЖЗҚ зейнетақы активтері мен Қазақстанның Тұрақты даму қорының қаражаттарынан ұзақ мерзімді теңге өтімділігін ұсынады. Өткен жылы жеті эмитенттің 173,39 млрд теңгеге облигациялары сатып алынды», - деп атап өтті бас банк.

Сондай-ақ, Ұлттық банк бұл жобаға меншікті капиталы 60 млрд. теңгеден асатын қаржы институттары қатыса алатынын айтты.

Бір эмитентке салынған инвестициялар лимиті 70 млрд. теңгеден аспайды.

«Биыл инвестициялар жалғасады. Егер ықтимал жобалардың алдын-ала тізбесі болса және бұрын бөлінген қаражатты толық пайдалану аяқталған болса ,бағдарламаға қатысушылардың өтініштері келіп түседі», - деп қорытындылады Ұлттық банк.

Бұған дейін біз Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев банктерге кем дегенде 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімді теңгелік өтімділік беруді тапсырғанын жазғанбыз.

Өткен жылдың наурызында Ұлттық Банк үш қаржы институтының облигацияларын 113 миллиард теңгеге  сатып алды.