• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Сәуір, 2020

Кәсіпқой бокс: Деметриус Андраде мықтылардың барлығын жекпе-жекке шақырды

187 рет
көрсетілді

Кәсіпқой бокстан WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, америкалық орта салмақта күш сынасып жүрген мықтылардың барлығын жекпе-жекке шақырып әлек.

БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ол: «Мен ешкімнен ешуақытта қаймыққан емеспін. Қашан және кіммен болса да айқасуға әзірмін. Өз дивизионымдағы Сауль Альварес, Геннадий Головкин, Билли Сондерс, ағайынды Джермалл мен Джермелл Чарло сынды боксшыларды сан мәрте жекпе-жекке шақырдым. Жолыққан кезде беттеріне де айттым. Әу баста келіскендей сыңай танытқандарымен, жеме-жемге келгенде барлығы да ала тондарын ала қашады. Әрине, оларды түсінуге болады. Мақтаулы боксшылар менен жеңілетіндерін жақсы біледі. Сол себепті де жылдар бойы тірнектеп жиған абыройдан айырыламыз ба деп қауіптенеді», ­- деп мәлімдеді. 

Естеріңізге сала кетейік, кезінде әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанған 32 жастағы Деметриус Андраде 2008 бері кәсіпқой рингте күш сынасып жүр. Сол аралықта 29 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 18 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады.