• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2010

КӨМЕКТІ ӘРБІР ТҰРҒЫН СЕЗІНУІ ТИІС

822 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен палатаның сәрсенбі күнгі пленарлық отырысында депутаттар елдегі қалыптасқан төтенше жағдайлар жөніндегі ойларын ортаға салды. Осы ретте Нұртай Сабильяновтың  Премьер-Министр атына жолдаған депутаттық сауалы көпшілікті бейжай қалдырмады. Депутаттың мәліметіне қара­ған­да, үстіміздегі жылдың 17 нау­ры­зында ауа райының күрт жылынып кетуінен Шығыс Қазақстан об­лысының бірнеше аудандарында елді мекендерді су басып, төтенше жағдай қалыптасқан. Қазіргі таңда Абай, Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Үржар және Ұлан аудандарының 26 елді мекені табиғат апатынан айтарлықтай зардап шегіп жатыр екен. Су астында 1187 тұрғын үй, 1512 қора-жай, 323 қыстақ қалған. Сонымен қатар, 8 көпір қирап, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарды су шайып кеткен. Су тасқынынан мыңдаған адам баспанасыз қалып, 8 296 ірі қара мал, 33400 қой-ешкі, 1960 жылқы малы шығын болыпты. Нұртай Салихұлы, әсіресе, Тарбағатай ауданында өте күрделі жағдай қалыптасқанын көлденең тартты. 18-19 наурыз күндері Тарбағатай ауданына қарасты Көкжыра, Жәнтікей, Қызылкесік, Көктүбек ауылдарын топан су жайлаған. Қолайсыз ауа райы мен арнайы техниканың жетіспеуі төтенше жағдайды жою мен оның алдын алу шараларын шұғыл жүр­гізуге мүмкіндік бермеуде көрінеді. Осыған байланысты депутат арнайы комиссия құрып, жағдайды қалпына келтіру мәселелерін ше­шу­ді сұрады. Осы ретте депутаттар көмекті әрбір тұрғын сезінуі тиістігін атап көрсетті. Тито Сыздықов тұрғындардан   өлген малға өтемақы алу үшін оның денесін тапсыру туралы та­лаптың орынсыздығын айтса, Рауан Шаекин елден көмек жина­ғанша, Үкімет төтенше жағдайларға деп бюджетте бекітілген 37 миллиард теңгені пайдалану қажеттігіне назар аударды. Жалпы отырыста “Қазақстан Республикасының кейбір заңнама­лық актілеріне қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкерші­лігін міндетті сақтандыру мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы бойынша Парламент Мәжілісі мен Сенаты арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныста­ры туралы мәселе қаралды. Бұл жө­нінде Мәжілістің Экология мәсе­лелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, қос палата ара­сындағы келісім комиссия­сы­ның төрайымы Айткүл Самақова баяндап берді. Содан кейін “Қазақстан  Рес­пуб­ликасының  Үкіметі  мен Ар­ме­ния Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы” заң жобасы талқыға түсіп, толықтай мақұлданды. Келісімнің мақсаты туралы Индустрия және жаңа технологиялар вице-минис­трі­нің міндетін атқарушы Ерхат Есқалиев баяндама жасады. Ал Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік коми­тетінің мүшесі Сауырбай Есжанов қосымша түсінік берді. “Биоотын өндірісі мен айна­лымын мемлекеттік реттеу туралы” заң жобасы үшінші оқылымда талқыға салынды. Бұл заң жобасы жөнінде Аграрлық мәселелер ко­митетінің мүшесі Еркін Рамазанов түсінік берді. Биоотын өндірісін реттеуге бағытталған осы заң жо­басы палатаның ұзақ сараптауынан өтті. 2009 жылғы мамырдың 27-сінде бірінші оқылымда қаралса, үстіміздегі жылғы ақпанның 3-інде екінші оқылымда талқыланып, мақұлданған болатын. Осы жолы депутаттардың жаңа ұсыныстары бойынша үшінші оқылымға әзір­леніп отыр. Заң жобасының мақсаты – биоотын өндірісін және айналы­мын дамыту, биоотын өндірісі ке­зінде мемлекеттің азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау. Заң жобасы бойынша қорытынды салыстырма кестеге 87 түзету енгізілген. Аграрлық мәсе­лелер комитеті соның ішінде 14 түзету қабылданбағанын мәлімдеп отыр. Отырыс соңында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнама­лық актілеріне биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша толық­тырулар мен өзгерістер енгізу туралы” заң жобасы да үшінші оқылымда талқыға түсті. Заң жобалары талқылана келіп, үшінші оқылымда мақұлданды. Украиналық журналистер ЕҚЫҰ төрағалығынан үміт етіп отырған елдеріне Қазақстан тара­пынан қолдау табыла ма деген сұ­рақтарына тұшымды жауап алып риза болып жатты. Ал Қазақ­стан­ның енді басталған төрағалы­ғы­ның жұмысын қалай бағалар едіңіз дегенге Константин Грищенко төрағалық өте жақсы деңгейде қызу басталып, тынымсыз жүріп жатыр, ал жыл аяғында Қазақстан осы қарқынынан жаңылмай төр­ағалықты жемісті атқарады деген сенімдеміз, оған қолдау көрсетуге әзірміз, деп журналистерге ықылас білдіріп, сауалдар қойғанына рахметін жеткізді. *   *   * Киевтен кешкілік ұшып шы­ғып, Молдаваның астанасы – Кишеневке жеткен ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер ми­нистрі Қанат Саудабаев ертеңгісін Молдова Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер және Еуропалық интеграция министрі Юриэ Лянкэмен кездесті. Екі әріптес Молдова мен Қазақстан ара­сындағы байланыстарды терең­детудің маңызын, ЕҚЫҰ үш се­бетінің біріне салынған қауіпсіздік мәселесі және ұзаққа созылған ки­кілжіңдерді шешу, Приднестровье жайында пікір алмасып, соңынан министрліктер арасындағы ынты­мақтастықты дамытуға бағыт­тал­ған меморандумға қол қойды. Жалпы, Молдова үшін Прид­нес­тровье дауы бастың жиі ұстай­тын сақинасы тәрізді. 1990 жыл­дың 2 қыркүйегінде Молдова құрамынан өзін бөлекпіз деп жа­риялаған, бірақ еш жерде таныл­маған Приднестровье Республи­касы төңірегіндегі дау-дамай 20 жыл­дың ішінде сағыздай созылу­мен келеді. Сол себептен де, ЕҚЫҰ бұл мәселені өз назарынан шығарып көрген емес. Молдоваға сапарында Іс басындағы төраға Приднестровье орталығы – Тираспольге барып, танылмаған рес­публика басшысы И.Смирнов­пен жүздесті. Бұл туралы толық есеп газетіміздің келесі нөмірінде жарияланатын болады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.