• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Сәуір, 2020

Өзбекстан: Алкоголь өнімін өндірушілерді антисептик шығаруға шақырды

192 рет
көрсетілді

Көрші елдің әділет министрлігі осындай бастама көтерді.«Өзбекстанның әділет министрлігі алкоголь өнімін өндірушілерді антисептиктер шығаруға шақырды», деп хабарлайды департаменттің сайтында.

Министрліктің мәліметінше, Өзбекстанда 60-тан астам шарап шығаратын зауыт бар.

«Коронавирустық инфекциялармен ауыратындардың саны өсіп жатқан кезде, біз Өзбекстанның шарап өндірушілерін халықты және медициналық ұйымдарды антисептиктермен қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға шақырамыз»,  деді Әділет министрлігі.

Сонымен бірге агенттік мысал ретінде басқа елдердің өндірушілерін келтіріпті.  

Мысалы, Бакарди, Пернод Рикард, Amber Beverage Group (ABG) сияқты алкогольдік брендтер COVID-19 таралуы кезінде дезинфекциялық құралдарды шығара бастады.