• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2020

Санитарлық шаралар тұрақты жүргізіледі

349 рет
көрсетілді

Қазір Қызылордада облыс орталығы мен Жаңақорған, Шиелі, Қармақшы аудандарынан індет жұқтырғандар анықталып отыр. Вирус белгісі басқа өңірлерден білінбеуі үшін тазалық жұмыстарына барынша көңіл бөлінуде. Солардың қатарында Арал ауданы аумағында халық көп шоғырланатын орындарда залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Бүгін орталық базар маңы мен аялдамаларда, банкоматтар мен мемлекеттік мекемелер маңына залалсыздандыру шаралары кезекті рет жасалды.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев дезинфекциялау жұмыстары жасалып жатқан аймақтарда болып, санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың барысын қадағалады. Тиісті сала басшыларына жұмысты тиянақты жүргізу қажеттігін тапсырды.

Алдағы уақытта да санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар тұрақты  жүргізілетін болады.