Сovid-2019 жұқпалы індетінің алдын алу бойынша Шымкент орталық мешіті жанынан шағын тігін цехы іске қосылды.
Игі бастамаға Шымкент қаласының Бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асырылды. Тігін цехында қалалық «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Досжанованың шәкірттері мен ерікті 16 тігінші қыз-келіншек еңбек етеді.
Негізгі мақсат – ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасы аясында қолға алынып отырған «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасына қолдау көрсету.
Бүгінгі күнге дейін 2500-ден астам бетперде тігіліп, тиісті орындарға қайырымдылық негізінде тегін үлестіріліп жатыр.
Ал бетпердеге қажетті материалдарды орталық мешіттің найб имамы Мұхамеджан Естеміров пен іс басқарушысы Абай Қамбар және қалаға қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау ауданының бас имамдары демеушілер арқылы қарастыруда. Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтаусыз жалғасады дейді Шымкент орталық мешітінің өкілдері.
ШЫМКЕНТ