• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2020

«АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлерін маскамен қамтамасыз етеді

187 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметкерлерін жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуді қолға алды. Қазіргі уақытта компанияның еншілес кәсіпорындарында бірнеше рет қолдануға болатын маскалар тігіліп жатыр. Жақын күндері 60 мың данадан тұратын алғашқы партия тұтынушыларға жол тартады.

«ТАА» ЖШС тігін-тоқыма цехының бастығы Ирина Ем алғашқы тапсырыстың трамвай паркінен болғанын айтады.

–Ондағы 800 тұтынушыға арнап маскалар тігілді. Сондай-ақ, біздің фабриканың барлық қызметкерлерін бетпердемен қамтамасыз еттік. Қазір «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының тапсырысын орындау үстіндеміз, – дейді ол.

Тігін цехында әр тігінші бір ауысымда 120 дана бетперде тігіп шығарады екен. Бір өнімді тігуге шамамен алғанда төрт минут кетеді. Көп рет қолданылатын маскалар мақта-мата және бөз матадан тігілуде.