• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Сәуір, 2020

Жылыту маусымында көмір тасымалдау бойынша ағымдағы жағдай туралы

146 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылыту маусымына дайындық басталғалы, яғни 2019 жылдың 1 мамырынан және ағымдағы жылдың 31 наурызына дейінгі жағдай бойынша, Қазақстан ішінде теміржол көлігімен 68,4 млн тонна көмір тасымалданды.

Бұл жылыту кезеңіне арналған жоспардың 101% тең, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.​Бүгінгі таңда қазақстандық операторлардың теңгерімінде 58 мыңнан астам жартылай вагон бар. Ол вагондардың негізгі үлесі келесі меншік иелеріне тиесілі:«Қазтеміртранс» АҚ - 49,8% (29 297 бірлік)«Транском» ЖШС - 12,1% (7 114 бірлік).​Қазіргі уақытта жылыту маусымына көмір тасымалдауға барлық меншік иелерінің 30 мыңнан астам жартылай вагоны тартылған, оның ішінде «Қазтеміртранс» АҚ-ның 14 мыңға жуық жартылай вагоны (60%) бар.​Жүк жөнелтушілерді вагондармен, әсіресе әлеуметтік маңызы бар жүктерді (көмірді) тасымалдау үшін уақытылы қамтамасыз ету мәселесі Министрліктің тұрақты бақылауында.