• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Сәуір, 2020

Шымкент: 8-шағын ауданда карантин жарияланды

205 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында 4 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді. Осыған орай Шымкенттегі 8-шағын ауданда (№53 көпқабатты үй) карантин жарияланды. 

Айта кетсек, індетті жұқтырған 24 жасар азаматша 8-шағын ауданда тұратын ата-анасына Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Науқас ауруханаға жатқызылып, оқшауланды. Қазіргі таңда жағдайы қалыпты. Қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізілуде. Науқаспен байланыста болған 21 адам анықталып, олар да оқшауланды (оның алтауы жақын туысы). 

Бүгінде қалада жалпы коронавируспен 12 адам тіркелді.

 

ШЫМКЕНТ