Науқас 28 наурыз күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізуші «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. Нәтижесінде шұғыл ауруханаға жатқызылған.
Ал, транзиттік көлікті ары қарай айдап кеткен ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылған.
Бұл Шымкентте тіркелген 13 жағдай.
ШЫМКЕНТ