• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Сәуір, 2020

Олимпиадаға 24 жасқа дейінгі футболшылар қатыса алады

140 рет
көрсетілді

Олимпия ойындарына қатысатын футболшылардың жасына байланысты шектеу өзгертілді. Енді айтулы додаға 24 жасқа дейінгі ойыншылар қатыса алады.

Яғни, келесі жылы тОкиода алауы тұтанатын Олимпиадада 1997 жылдың 1 қаңтарынан кейін дүниеге келген аяқ доп шеберлерінің жасыл алаңға шығуға құқығы бар. Сонымен қатар, әр командаға жасы 24-тен асқан  тағы үш футболшыны ойынға қосуға рұқсат етіледі.

Токио Олимпиадасында 16 команда бақ сынайды. Олар – Аргентина, Бразилия, Франция, Германия, Испания, Румыния, Жаңа Зеландия, Мысыр, Кот-д"Ивуар, ОАР, Аустралия, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея және Жапония. Және де тағы екі КОНКАКАФ аймағында өтіп жатқан іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша анықталады.