• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Коронавирус 04 Сәуір, 2020

Коронавирус инфекциядан кейін бес апта ішінде денеде қалуы мүмкін

423 рет
көрсетілді

Бұл қытай дәрігерлерінің соңғы болжамы. Бұл әзірге болжам ғана. Осыған дейін коронавирусбелгілері адамның ағзасында жүре береді, тек белгілі бір мөлшерден асып кеткенде ғана  адам өміріне  қауіп төндіреді деген болжам басым болған.  Енді соңғы болжамның шындыққа сәйкестігі зерттеу нәтижесінде белгілі болды.  

Себебі Қытайда немесе басқа елдерде ауырған адамдардың араға апталар салып қайтып дертті жұқтырып жатыр. Оларды зерттеу пациенттердің оқшаулануы мен емдеу ұзақтығына қатысты көзқарасты қайта қарауға мәжбүр етуі мүмкін.

Сонымен, жаңа коронавирус денеде 37 күнге дейін немесе бес аптадан аз уақытқа қалуы мүмкін екендігі дәлелденді. Бұл тұжырымға Қытайдың медициналық ғылымдар академиясының дәрігерлері және британдық The Lancet медициналық журналындағы мақаланың басқа авторлары қол жеткізді.

Зерттеулер патогеннің тыныс алу жолдарына түсетінін көрсетті. Оның іздері инфекциясы шамамен 20 күн өткен науқастарда да табылды.

Зерттеу авторлары COVID-19 бар 191 адамның медициналық құжаттары мен зертханалық зерттеулерін, соның ішінде инфекциядан қайтыс болған 54 адамның талдауын зерттеді. Мамандар қолданған барлық пациенттер вирустың таралуы басталған Қытайдың Ухань қаласындағы екі ауруханада емделді. Салыстыру үшін, SARS жағдайында вирус инфекциядан кейін төрт аптаішінде тыныс алу жолдарында пациенттердің үштен бірінде тіркелді.

«Алынған мәліметтер пациенттерді оқшаулау туралы шешім қабылдау үшін және емделудің ұзақтығы туралы ұсыныстар жасау үшін маңызды болуы мүмкін», дейді мақала авторлары.

«Енді инфекциядан кейін оқшаулану кезеңі 14 күн. Бұл кезең вирустың таралуын болдырмау үшін жеткілікті деп есептеледі. Алайда, егер ауру белгілері жойылғаннан кейін бірнеше күн өткен соңауру жұқпалы болып қалса, олар оны басқа адамдарға жұқтыра береді. Сол себепті аурудан жазылған адамдардың өзі 40 күнге дейін  үй жағдайында да барынша сақтық ережелерін сақтап жүру керек» дейді Bloomberg.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қарсаңында жаңа коронавирус пандемиясының басталғанын мойындады. ДДСҰ басшысы Тедрос АданГебрейсус жақын арада ұйым инфекция жағдайлары мен ауруға шалдыққан елдер санының өсуін күтеді деп мәлімдеді.