Шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігінде бақ сынап жүрген «Алматы» клубының бас бапкері Владимир Капуловский қызметінен кетті.
59 жастағы Ресейдің Мураманск қаласының тумасы әр жылдары Ташкенттің «Бинокор», Омбының «Авангард-2», Чехияның «Тесла», Пермьнің «Молот», Түменнің «Рубин», Нижнекамскінің «Нефтехимик», Уфаның «Салават Юлаев» және Серовтың «»Металлург» клубтарының намысын қорғады. Амплуасы – қорғаушы.
Үлкен спорттан қол үзгеннен кейін Ресей, Словакия және Беларусьтің бірқатар командаларының аға жаттықтырушысы болды. Көкшетаудың «Арланын» баптаған кезде Қазақстан чемпионаты мен құрлықтық кубокты иеленді.