• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Сәуір, 2020

Ақтөбе облысы: Тұрмысы төмен отбасы балаларына ноутбуктер берілді

197 рет
көрсетілді

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты 2019-2020 оқу жылдарының соңғы тоқсанын мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша бастағалы отыр. Соған сәйкес Ақтөбе облысында 321 мектеп жаңа форматқа көшірілсе, 81 мектеп дәстүрлі оқуды одан әрі жалғастырмақ. Бүгінгі күнге дейін облыста қашықтықтан оқытуға қатысты барлық мүмкінліктер іздестіріліп, интернеті жоқ ауылдардағы мектеп оқушыларының есебі алынды.

Сондай-ақ оларды компьютермен және ноутбуктермен қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар белгіленді. Қазіргі қолда бар деректерге қарағанда облыстағы 300 –ден астам елді-мекеннің басым көпшілігінде интернет жүйесі жоқ екені белгілі болып отыр. Бұл үшін ақтөбелік ІТ саласының мамандары радиобайланыс жүйесін орнатуды қлоға алған-ды. Еліміз бойынша тұңғыш рет жүзеге асқалы отырған қанатқақты жоба оқушылардың қашықтықтан білім алуына оң септігін тигізеді деп күтілуде. сондай-ақ интернеті бар және интернеті жоқ ауылдардың өзіндетиісті құрылғылар мен ноутбук тапшылығы бар екендігі бұған дейін анықталды. Сондықтан да мұнда қашықтықтан білім алатын оқушыларға уақытша пайдалану үшін облыс бюджеті есебінен 3000 ноутбук сатып алынды. Оның жалпы құны 480 миллион тенге құрайды.

Ал енді оқуларын бұған дейін дәстүрлі түрде жалғастыратын өңірдегі 81 мектеп оқушысы мен мұғалімдердің жай-күйі қандай болмақ? Оларды коронавирус инфекциясынан сақтандыру шаралары қалай жүргізілмек? Аталған сұрақтарға жауап қайтарған Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермаганбет бұл үшін сақтандыру шаралары жан-жақты қарастырылып, барынша күшейтілгенін айтып берді.

Аталған мектеп ұжымдары бетперде, қолғап және өзге де антисептикалық-гегиеналық құралдармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілді. Әрі оны үнемі, үздіксіз және тұрақты түрде пайдалану тәртіптері түсіндірілді. Сонымен бірге бұл оқу орындарында балалардың бірінен-бірі белгілі бір қашықтықа отыруы, бір-бірімен қол беріп амандаспаулары қатаң түрде қадағаланатын болады. Облыстық білім басқармасы тарапынан жүктеліп отырған талаптар осындай деді ол «Egemen.kz» тілшісіне.

Сондай-ақ өңірдегі лауазымды тұлғаның айтуынша коронавирус инфекциясынан сақтану шараларын алу жөнінде ата-аналармен де тығыз байланыстар орнатылмақ.

 

Ақтөбе облысы