Бүгін, 5 сәуірдегі соңғы мәлімет бойынша, Алматыда COVID-2019 жұқтырғандар саны – 115-ке жетті.
Жексенбі кешкі сағат 20.00-дегі жағдайға сәйкес, қалада 33 індет ошағы бар. Инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты карантиндегі 14 аймақтан шектеу шаралары алынып тасталды.
Суық тию белгілері пайда болған жағдайда 103-ке қоңырау шалыңыз. Анықтама үшін 1406 call-орталық және 1308 нөмірі бойынша Open Almaty қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді.
АЛМАТЫ