• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Сәуір, 2020

Ауыр атлетика: Таиланд пен Малайзия федерациялары жазаланды

225 рет
көрсетілді

Таиланд пен Малайзияның ауыр атлеттері келесі жылы Токиода алауы тұтанатын Олимпиадаға қатыспайтын болды. Допингке қарсы күрестегі ережелерді бұзғандары үшін оларға осындай қатаң шара қолданылып отыр.

Таиландттың ауыр атлеттері өте мықты екенін жанкүйерлер жақсы біледі. Өткенге зер салсақ, бұл елден көптеген белді зілтеміршілердің шыққанын аңғару қиын емес. Мәселен, Олимпия ойындарында олар 3 алтын, 10 күміс және 15 қола медальді иеленді. Осы нәтижемен Тай елінің түлектері әлемдегі барлық командалар арасында 28 орынды иеленуде.

Ал Малайзияда спорттың бұл түрінің даму деңгейі көңіл көншітерлік емес. Осы күнге дейін Малай елінің өкілдері Олимпия ойындары тарихында бір-бір рет жеңіс тұғырына көтерілген емес.

Халықаралық ұйым тарапынан қолданылған шараға сай Малайзия спортшылары келесі жылдың 1 сәуірінен бастап, халықаралық додаларға қатыса алады. Бірақ олар Токио Олимпиадасында күш сынасу құқығынан айырылып отыр. Ал Таиланд зілтеміршілері тек 2013 жылдың 1 сәуірінде ғана қатарға қосылады. Сонымен қатар, айтулы мемлекеттердің ұлттық фкдерациялары мөл көлемде айыппұл төлеуге тиіс.