• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Сәуір, 2020

ДДҰ коронавирустың алғашқы белгілерін анықтады

596 рет
көрсетілді

Жекелелеген мемлекеттер дерт белгісін анықтайтын құрылғылардың тетігін іздеп жүргенде  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мамандары  коронавирустық инфекцияның ең айқын белгілерін анықтап қойыпты.  Бұл туралы  ДДҰ өкілі Маргарет Харрис Наиль Аскер-заде Ria.ru тілшісімен кездескен  кезде айтты.

Харристың айтуынша, дене қызуы 38 градустан жоғары температура жаңа вирустың негізгі белгілері болып табылады.  

Оның айтуынша, осындай дене қызуымен түсіп жатқан науқастардың   90 пайызында қауіпті дерттің вирустары табылған. Сонымен қатар, науқастар мұндай жағдайда  көбінесе түн ортасында бар мен жоқтың арасында  бұлдырлықпен оянатынын және айналада не болып жатқанын түсінбейтіндерін айтты. Бұрын ДДСҰ денсаулық сақтаудың төтенше жағдайлар жөніндегі директоры Майкл Райан коронавирустың ауа арқылы жұғу ықтималдығын есептеген болатын. Оның айтуынша, Сингапур ғалымдары инфекциялардың шамамен 6 пайызы вирустың асимптоматикалық тасымалдаушыларынан болады деген қорытындыға келген. Райан вирустың ауа арқылы берілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 1,1 миллионнан астам адам коронавирусты жұқтырған. Оның ішінде 56 мыңға жуығы қайтыс болды, тағы 223 мың адам дертінен айығып шыққан. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 1,1 миллионнан астам адам коронавирусты жұқтырған. Оның ішінде 56 мыңға жуығы қайтыс болды, тағы 223 мың адам сауықтырылды. АҚШ, Испания, Италия және Германия елдері вирусты жұқтырған азаматтарының саны жағынан көш бастап тұр.