• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Сәуір, 2020

Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырудың жаңа оқиғалары тіркелді

489 рет
көрсетілді

Бүгін Қарағанды облысында 16 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық негізде анықталды. Олардың барлығы да «жаман тұмаудан» қайтыс болған марқұмның отбасы мүшелері және онымен байланыста  болған  адмадар деген дерек бар.

Қазіргі уақытта бұл науқастар эпидемиологиялық қауіпсіздік іс-шараларының тәртібіне сай оқшауландырылған және емдеу курсынан өтуде.

Сәуірдің 6-ы күнгі дерек бойынша, облыста коронавируспен ауырғандардың саны 48-ге жетті. Жансақтау бөлімінде үш науқас ауыр халде жатыр. Тағы үшеуінің жағдайы орташа ауыр күйде.

Қазіргі таңда Қарағанды облысында үй карантинінде 1 346 адам бар. 862 адам тәулік бойы медицина қызметкерлерінің бақылауында, оның ішінде 48 тұрғын инфекциялық стационарға жатқызылған.

Пневмония мен жіті респираторлық вирустық инфекцияға күдікті науқастарды емдеу үшін облыс қалаларында пульмонологиялық орталықтар ашылды. Сондай-ақ, вирустық инфекциямен ауыратын науқастарға мамандандырылған жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді. 

 

Қарағанды облысы