42500 теңге жәрдемақы алуға өтініш беру үшін әр өңірге жеке Telegram-бот ашылды. Бұл туралы Цифлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеген болатын.
Министрдің сөзінше, әлеуметтік төлем алуға өтінім беру арналарының санын арттыру мақсатында бүгін Telegram арнасынан жаңа Bot іске қосылған. Қабылданған 44 433 өтінім міндетті түрде өңделеді.
«Бізге қазір Bot-тың өте баяу жұмыс істеп тұрғаны туралы азаматтар шағымдануда. Бұл пайдаланушылар санының көптігіне байланысты. Сондықтан біз жүктемені азайту мақсатында Bot-ты аймақтарға бөлу туралы шешім қабылдадық. Өтінім беру алдында өз аймағыңызды таңдауыңыз қажет. Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкіметтің» арнайы Еgov.kz электронды үкімет порталы және 42500.enbek.kz сайттары арқылы да өтінім қабылдау жалғасуда», - деді Жұмағалиев.
Азаматтардың фейк аккаунттардың арбауына түспес үшін боттардың нақты сілтемесін ұсынамыз:
https://t.me/Help42500Bot https://t.me/JambylObl42500Bot https://t.me/Kostanai42500Bot https://t.me/Karagandy42500Bot https://t.me/Atyrau42500Bot https://t.me/Turkistan42500Bot https://t.me/Aqtobe42500Bot https://t.me/Pavlodar42500Bot https://t.me/Mangystau42500Bot https://t.me/ZKO42500Bot https://t.me/Qyzylorda42500Bot https://t.me/SKO42500Bot https://t.me/VKO42500Bot https://t.me/NurSultan42500Bot https://t.me/Shymkent42500Bot https://t.me/Almaty42500Bot https://t.me/AlmaObl42500Bot https://t.me/Akmol42500Bot