Бүгін Қарағанды облысында тағы да жеті адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды. Бұлар бұған дейін коронавируспен ауырған және карантинге жатқызылған науқастармен аралас-құралас болған адамдар. Қазіргі уақытта олардың барлығы инфекциялық бокстарға оқшауланды және тиісті ем-дом алып жатыр.
Бүгінгі жеті адамды қосқанда, Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 55-ке жетті. Бір науқас осы дерттен қайтыс болды.
Жалпы, Қарағанды облысында 1 440 адам үй карантинінде отыр. Тәулік бойы бақылауға алынған 908 тұрғын бар, оның ішінде 54-і инфекциялық боксқа жатқызылған. Бұлардың бәрі 1А және 1Б санатындағы елдерден (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Мысыр) оралған немесе коронавирус жұқтырған адамдармен шартты түрде байланыста болған азаматтар.