• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Сәуір, 2020

Ескендір Нұғыманов Норвегияның ең үздік бендишісі деп танылды

112 рет
көрсетілді

Допты хоккейден Норвегия біріншілігінде өрелі өнерімен көзге түсіп жүрген қандасымыз Ескендір Нұғыманов сол жарыстың ең үздік ойыншысы деп танылды.  

29 жастағы Батыс Қазақстан облысының тумасы бендиден өткен талай байрақты бәсекеде мол олжаға кенелгенін жанкүйерлер жақсы біледі. Кезінде Оралдың «Ақ Жайық», Красногорскінің «Зоркий-2», Төменгі Новгородтың «Старт» және Берумның «Хевик» клубтарында жасындай жарқыраған Нұғыманов еліміздің ұлттық құрамасы сапында екі рет әлем чемпионатының қола жүлдегері және Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Бұл күндері қазақ жігіті Норвегияның «Рэди» клубының намысын қорғауда. Бұл команда айтулы біріншіліктің биылғы маусымында бас жүлдені олжаласа, қандасымыз ең үздік ойыншыға тиеслі сыйлықты иеленді.

Тағы бір айта кетерлігі, Ескендірдің әкесі де кезінде мықты бендиші болды. Спорттық мансабын Оралдың «Геологында» бастаған 57 жастағы Сәкен Нұғыманов сексенінші жылдарыСанкт-Петербургтің «Красная Зарясы» мен Алматының «Динамосында» өнер көрсетті. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионаттарына қатысты. Кейіннен бапкерліктің қамытын киді.